Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады: 6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:40 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Shutterstock

6 қараша, жұма күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, жауын-шашын мен қатты жел күтіледі. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік және батыс бөліктерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын байқалады. Ал оңтүстік өңірлерде күн салыстырмалы түрде жылы болады.

Астанада күн құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде ауа температурасы +1...+3, күндіз +10...+12 градус болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1...+3, күндіз +15...+17 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр.

Шымкентте күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градусқа жетеді.

Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Алайда желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +5...+7, күндіз +10...+12 градус болады.

Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3...+5 градусқа көтеріледі.

Атырауда күн құбылмалы болады. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде 0...+2, күндіз +7...+9 градус күтіледі.

Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде -1...-3, күндіз +11...+13 градус болады.

Көкшетауда жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Кей уақыттарда желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.

Қостанайда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы +4...+6 градус шамасында сақталады.

Петропавлда да ауа райы қолайсыз болады. Жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнде +1...+3, күндіз +7...+9 градус күтіледі.

Оралда жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде -2...-4, күндіз +3...+5 градус болады.

Павлодарда жауын-шашын күтілмейді. Түнде -2...-4, күндіз +9...+11 градус болады.

Семейде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде -2...-4, күндіз +8...+10 градус болады.

Өскеменде жауын-шашын болжанбайды. Түнде -2...-4, күндіз +6...+8 градус күтіледі.

Қызылордада жаңбыр жауады. Түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус жылы болады.

Түркістанда да жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы түнде +5...+7, күндіз +18...+20 градусқа дейін көтеріледі.

Таразда күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Түнде +3...+5, күндіз +22...+24 градус күтіледі.

Талдықорғанда жауын-шашын жаумайды. Түнде -3...-5 градус суық болса, күндіз ауа +15...+17 градусқа дейін жылынады.

Қонаевта күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде +1...+3, күндіз +14...+16 градус күтіледі.

Жезқазғанда жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде +2...+4, күндіз +12...+14 градус болады.