Павлодардағы колонияда 20 жастағы сотталушы өлі табылды

Бүгін, 16:34 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Жігітке қатысты іс 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жаста болған ол Instagram арқылы 15 жастағы оқушы қызбен танысып, хат алмасқан. Кейін екеуі қыздың үйінде кездесіп, жыныстық қатынасқа түскен.

Бұл туралы білген қыздың анасы полицияға арыз берген. Биыл сәуір айында сот жігітті кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырған.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Тэгтер:

Павлодар түрме тұтқын марқұм