Иракта үйлену тойы кезінде шыққан өрт 100-ден астам адамның өмірін қиды. Қайғылы оқиға 2023 жылғы 26 қыркүйекте Ниневия провинциясында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жас жұбайлар билеп жатқанда зал ішінде пиротехника іске қосылған. Оның ұшқыны төбедегі сәндік безендіруге тиіп, өрт шыққан. Тойға жиналған жүздеген қонақ сыртқа шығуға ұмтылған.
Қалыңдық пен күйеу жігіт аман қалған. Кейін екеуі қаза тапқандарды аза тұту рәсіміне қатысқан.
Ресми тергеу қорытындысына сәйкес, өртке қауіпті пиротехниканы пайдалану және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған. Сол кездегі қорытынды мәліметте 107 адамның қаза тауып, 82 адамның жараланғаны көрсетілген.