Маңғыстауда жұмысшыны автобус қағып мерт қылды

Бүгін, 12:01 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Маңғыстау облысында “Ақтау – Қаламқас” тасжолында автобус жаяу жүргіншіні қағып, ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 6 қарашада болған. Полиция мәліметінше, Daewoo автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

БАҚ мәліметінше, марқұм “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Апат тасжолдың 170–171-шақырымында, аялдама маңында ер адам жолдан өтіп бара жатқан кезде болған.

Тэгтер:

автобус маңғыстау апат өңір