24 жастағы жігіт 6 адамды атып тастады

Бүгін, 12:15 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

7 қарашада Краков қаласының орталық алаңында болған қарулы шабуылдан 6 адам қаза тауып, 17 адам жараланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зардап шеккендердің арасында екі полиция қызметкері бар. Полиция 24 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің үйінен тағы үш адамның мәйіті табылды. Олар шабуылдаушының жақын туыстары екені хабарланды.

Оқиғаға байланысты Польшада 8–9 қараша ұлттық аза тұту күндері болып жарияланды. Шабуылдың себептері тергеліп жатыр.

Тэгтер:

шабуыл Польша атыс адам