Танымал қазақстандық әнші кенеттен көз жұмды

Бүгін, 13:49 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақтөбеге танымал әнші, термеші әрі ұстаз Жәнібек Бекбосынов кенеттен қайтыс болды. Өнер иесі өңірдің мәдени өміріне белсене араласып, ұлттық ән мен термені насихаттауға үлес қосқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәнібек Бекбосынов Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында солист болып еңбек еткен. Түрлі концерттер мен республикалық мәдени шараларда өнер көрсетіп, тыңдарман ықыласына бөленген.

Оның репертуарында эстрадалық шығармалармен қатар халық әндері мен термелер де болды. Әншінің орындауындағы “Всё решают Небеса” секілді туындылар көпшілікке танылған.

Өнерпаз жұбайы, әнші Лунара Бекбосыновамен бірге де сахнаға шыққан. Ерлі-зайыптының орындауындағы “Ғашық жан” әні тыңдармандардың көңілінен орын алған.

Марқұм сахнадағы өнерін ұстаздықпен ұштастырып, жас таланттарды тәрбиелеуге атсалысқан. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, шығармашылық сайыстарда қазылық еткен.

Тэгтер:

Ақтөбе әнші сахна термеші