Жерлеуге дайындалып жатқанда табыттың ішінен дыбыс шыққан

Бүгін, 14:51 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Дәрігерлер қайтыс болды деп таныған 76 жастағы әйел қоштасу рәсімі кезінде табыттың ішінен тарсылдатып, тірі екенін білдірген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туыстары егде жастағы әйелді ақтық сапарға шығарып салуға жиналған. Алайда табытқа жатқызылғанына шамамен бес сағат өткенде, ол қимылдап, ішінен тарсылдата бастаған.

Қайтыс болды деп есептелген әйелді қайтадан ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызып, тұрақты бақылауға алған.

Өкінішке қарай, әйел жеті күннен кейін көз жұмған. Денсаулық сақтау органдары оның өліміне ишемиялық инсульт себеп болғанын хабарлаған.

Марқұмның жақындары алғашқы жолы неліктен қате қорытынды жасалғанын анықтауды талап еткен. Туыстарының бірі әйелді қайтыс болды деп таныған дәрігердің әрекетіне шағым түсірген.

Оқиғадан кейін ауруханада өлім туралы куәліктің қалай берілетінін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Ал әйелдің ұлы сол кездегі мәлімет бойынша отбасына болған жағдайдың медициналық түсіндірмесі әлі берілмегенін айтқан.

Тэгтер:

дәрігер марқұм табыт