Мейрамбек Беспаевтың 50 жас тойында АБК тобы «Тамшыларды» шырқады

Бүгін, 17:44 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы өнер көрсетіп, көпшілікке танымал “Тамшылар” әнін орындады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов және Ерлан Көкеевтен құралған үштік мерейтой иесінің қуанышына әннен шашу шашты. “Тамшылар” — АБК тобының атын шығарып, тыңдарманға кеңінен танытқан туынды. Топ атауы да үш өнерпаздың тегінің алғашқы әріптерінен құралған. 

Әннің әуенін Ахмедия Есмұханов, сөзін ақын Өтеген Күмісбаев жазған. АБК репертуарындағы бұл шығарма жылдар өтсе де, түрлі концерттерде орындалып келеді. 

Мейрамбек Бесбаев та 50 жас мерейтойын шығармашылық кештермен атап өтті. Әншінің мерейтойлық концерттері еліміздің бірнеше қаласында ұйымдастырылды. Соның ішінде Астанадағы кеші 1 қарашада, Алматыдағы концерті 6 қарашада Республика сарайында өтті. 

Тэгтер:

әнші Мейрамбек Беспаев Тамшылар АБК