Мысырда екі пойыз соқтығысып, кемінде жеті адам қаза тапты. Олардың арасында машинистердің бірі де бар. Тағы кемінде 100 жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат Каир мен Гиза қалаларының оңтүстігінде болған. Соққыдан бірнеше вагон рельстен шығып, теміржол бойындағы биіктіктен төмен құлаған.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны нақтылануда.
Ел президенті Абдул-Фаттах әс-Сиси апаттың мән-жайын анықтап, себептерін тексеру үшін тергеу жүргізуді тапсырды.