Семейде жүріп бара жатқан автобус түгі қалмай өртенді

Бүгін, 11:19 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Семей қаласында қозғалыстағы жолаушылар автобусы өртеніп, толықтай жанып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өрт Қаржаубайұлы көшесінде болған. Жол үстінде тұтанған жалын автобусты түгел шарпыған.

Оқиға кезінде көліктің ішінде жолаушылар болмаған. Министрлік адам шығыны мен жарақат алғандар тіркелмегенін хабарлады.

Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Тэгтер:

автобус өрт Семей апат