Қытайда тұрғын үй кешені өртеніп, 14 адам қаза тапты

Бүгін, 11:31 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан кадр: x.com/RT_com

Қытайдың Шаньси провинциясында тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 14 адам көз жұмды. Тағы 30-дан астам тұрғын зардап шеккен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қытайдың орталық телевизиясының мәліметінше, қайғылы оқиға 8 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:59 шамасында болған. Өрт Шаньси провинциясының Тайюань қаласына қарасты Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жалын салдарынан 14 адам қаза тауып, 30-дан астам адам түрлі жарақат алған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылып, өрттің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Тиісті органдар қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға кіріскен.

Тэгтер:

Қытай өрт