Танымал айтыскер ақын көз жұмды

Бүгін, 12:13 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Айтыскер ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жариялады.

Одақтың мәліметінше, Надежда Лушникова 1940 жылғы 22 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.

Ол 1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, ал 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Әр жылдары айтысқа қатысып, түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болған.

1963-1985 жылдары баспасөз саласында әдеби қызметкер, редактор болып еңбек етіп, мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев мұражайын басқарған.

Надежда Лушникова қазақ тілінде өлең жазып, шығармалары мерзімді басылымдарда жарияланған.

Тэгтер:

ақын марқұм Айтыскер