Сыра зауытындағы алып ыдыстың жарылуы адам өліміне әкелген. Көшеге лап қойған сыра үйлерді зақымдап, сегіз адам қаза тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат сыра сақтайтын ыдыстың темір құрсауы босап кетуінен басталған. Артынша ыдыс жарылып, төгілген сұйықтықтың екпіні жақын тұрған өзге ыдыстарды да зақымдаған. Сыра зауыт қабырғасын бұзып, тұрғын үйлерге қарай аққан.
Күшті ағын ғимараттарды зақымдап, жертөлелерді басып қалған. Қаза тапқандардың бәрі әйелдер мен балалар болған. Олардың арасында екі жасар баланы ақтық сапарға шығарып салуға жиналған адамдар да бар.