Серуен соңы қасіретке айналды: Бір отбасының бес мүшесі қаза тапты

Бүгін, 13:29 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқыш та қаза тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 сәуірде болған. Испанияның Барселона қаласынан келген отбасы Нью-Йоркті әуеден тамашалау үшін туристік тікұшаққа отырған.

Алайда ұшу кезінде тікұшақ әуеде бөлшектеніп, Гудзон өзеніне құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылғанымен, борттағы алты адамның ешқайсысы аман қалмаған. 

Қаза тапқандардың арасында Siemens компаниясының басшылық қызметкері Агустин Эскобар, оның жұбайы Мерсе Кампруби Монталь және үш баласы болған.

Тэгтер:

Ұшақ апат отбасы Серуен