Журналист Анна Данченко “Құрмет” орденінің иегері атанды

Бүгін, 17:36 / Альфия Адамбек
Фото: Instagram/ @ann_2905

Қазақстандық журналист, тележүргізуші әрі продюсер Анна Данченко мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист үшін бұл күннің ерекше маңызы бар. Ол марапатты ең алдымен өзіне өмір сыйлап, тәлім-тәрбие берген ата-анасына арнайтынын жеткізді.

«Менің әрбір жетістігімнің артында олардың ақ батасы, маған деген сенімі мен шексіз махаббаты жатыр. Бүгінгі қуанышымды өздерімен бөлісе алмасам да, осы биікке жетуіме себепкер болған ең асыл жандарымның рухына тағзым етемін», – деп жазды Анна Данченко.

Сондай-ақ ол бұл марапатты өзін тәрбиелеген қазақы орта мен бойына сіңген ұлттық тәрбиенің, қазақ тіліне деген құрметінің жемісі деп санайтынын айтты.

«Қазақ тілі мен үшін тек қарым-қатынас құралы емес. Ол – менің болмысым, жүрегімнің үні, өмірлік таңдауым», – деді журналист.

Тэгтер:

марапат құрмет Анна Данченко