Металлургия зауытында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты

Бүгін, 09:39 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалған

Түркияның Измир провинциясындағы Алиаға ауданында орналасқан HABAŞ зауытында жойқын жарылыс болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде жер сілкінісіне ұқсас қатты дүмпу сезілген.

Измир губернаторы жөндеу жұмыстары кезінде көпірлі кран электрдоғалы пешке құлап, газ құбырын зақымдағанын мәлімдеді. Соның салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан.

Оқиға кезінде зауыт аумағында 200-ге жуық жұмысшы болған. Қайғылы жағдайға байланысты бес адам ұсталып, тергеу басталды. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

түркия зауыт адам марқұм