Алматы халықаралық әуежайында қайғылы жағдай болып, бір адам көз жұмды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген оқиға бойынша Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Аталған дерекке қатысты еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты қалай болғанын және адам өліміне қандай жағдайлар себеп болғанын анықтауға кіріскен.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.