09-12-19 | 16:36
23 миллион теңгенің әжетханалары қандай болады?.
23 миллион теңгенің әжетханалары қандай болады?

Алматыда автоматтандырылған, жаңа үлгідегі әжетханалардың эскизі ұсынылыпты.
tengrinews.kz сайтының жазуынша мұндай әжетханалар қозғалмалы, іргетасы жоқ болады екен. Тіпті дәретхананын тазалығын бақылайтын автоматтандырылған жүйе де орнатылатын көрінеді.

Әжетханаға кіргесін 15 минуттан кейін ескерту дыбысы беріледі де, автоматты түрде есік ашылады. Жобаның шығынын ақтау үшін сауда нүктесі де қойылу жоспарланған.

“Көше жиһазы мен жайлыландыру элементтері” бөлімінде әжетханалардың екі түрлі ұсынылыпты. Кең територияларға арналған үлкен дәретхана және өзен жиегі мен бульварларға, тар аумақтарға кішігірімі қойылмақ.

№ 1 тұсқа. Биіктігі – 2800 сантиметр. Көлемі – 2700 сантиметр. Ұзындығы – 6200 сантиметр.

Вариант № 2. иіктігі – 2800 сантиметр. Көлемі – 1850 сантиметр. Ұзындығы – 5950 сантиметр.

Қаланы жоспарлау басқармасында бұл құжат ұсыныс ретінде ғана, сондықтан жобаны жетілдіру жұмыстары әлі болады екен.

Айта кетсек Қазақстанда көше бойына 23 миллион теңге тұратын қоғамдық әжетханалар орната бастады. 2022 жылы тасжолдардың бойына осындай құрылыс нысандарының 304-ін орналастыру жоспарланған.

Фото:tengrinews.kz
Фото:tengrinews.kz
Фото:tengrinews.kz
Фото:tengrinews.kz
Фото:tengrinews.kz
Фото:tengrinews.kz
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.