Қазақстанда күн суытып, оңтүстікте үсік жүреді: 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:07 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Shutterstock

12 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысы мен шығысында жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік аймақтарда түнгі температура төмендеп, үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің бірнеше қаласында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмендейді. Әсіресе Павлодарда түнде 8 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ал Алматы, Шымкент, Түркістан және Қызылордада күндіз ауа райы салыстырмалы түрде жылы болғанымен, түнде суытады.

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Астанада күн ала бұлтты болып, жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -3...-5 градусқа дейін төмендеп, күндіз -1...+1 градус шамасында сақталады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 0...-2 градус, күндіз +5...+7 градус болады.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде -1...-3 градус аяз болып, күндіз +6...+8 градусқа дейін жылынады.

Батыс Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді

Ақтауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +3...+5 градус, күндіз +9...+11 градус жылы болады.

Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, екпіні 15–18 метрге дейін күшейеді. Түнде +2...+4 градус, күндіз +6...+8 градус болжанады.

Ақтөбеде жаңбыр аралас қар күтіледі. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 0...-2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Оралда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Солтүстік өңірлерде түнгі аяз сақталады

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Түнде -2...-4 градус, күндіз +1...+3 градус болады.

Қостанайда жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -2...-4 градус аяз болып, күндіз +2...+4 градусқа дейін көтеріледі.

Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде -1...-3 градус, күндіз +1...+3 градус шамасында болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -6...-8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 0...+2 градус болады.

Орталық Қазақстанда күн суытады

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Түнде -2...-4 градус, күндіз 0...-2 градус аяз сақталады.

Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1...-3 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

Оңтүстік Қазақстанда үсік жүреді

Қызылордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1...-3 градусқа дейін суытып, күндіз +4...+6 градус болады.

Түркістанда да жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр. Түнде -2...-4 градус аяз болып, күндіз +6...+8 градусқа дейін жылынады.

Таразда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы болады.

Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде 0...+2 градус, күндіз +5...+7 градус болады.

Талдықорғанда жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1...-3 градус, күндіз +4...+6 градус шамасында болады.

Шығыс Қазақстанда қар аралас жаңбыр күтіледі

Өскеменде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус болады.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Жел секундына 4–9 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 0...-2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы