Әнші Әділ Сламханның жұбайы Дана Маханбаева атасының дүниеден өткенін хабарлап, әлеуметтік желіде қимастыққа толы жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол Instagram парақшасында марқұмды еске алып, Таразға барған сайын ақ батасын беріп, жақындарының амандығын тілеп отыратынын жазды.
“Жаным атау, күңіренген күзде қайттыңыз ба? Таразға барғанда “Бәрің аман жүріңдер” деп бата беріп отырушы едіңіз. Иманды болыңыз”, – деп жазды Дана Маханбаева.