Кәмелетке толмаған қызға топ болып тиіскен бес жасөспірім сотталды

Бүгін, 15:08 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Кәмелетке толмаған қызға топ болып тиіскен бес жасөспірім сотталды. Олардың әрқайсысы 5 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот мәліметінше, оқиға 2025 жылы ақпанда болған. 

Түнгі караоке-клубта ішімдік ішкен кәмелетке толмаған қыз танысының ұсынысымен бес жасөспірім отырған пәтерге барған. 

Онда сотталушылардың бірі қыз есін жимауы үшін химиялық зат иіскетіп, кейін бесеуі бірігіп дәрменсіз күйдегі жәбірленушіні зорлаған.

Бастапқыда әрқайсысына 7 жыл 6 ай жаза тағайындалған. Алайда рақымшылық заңына сәйкес мерзім қысқартылды.

Сондай-ақ олардан жәбірленушінің пайдасына ортақ тәртіппен 10 млн теңге моральдық өтемақы өндірілетін болды.

Тэгтер:

қылмыс зорлық жаза