Студенттердің курьер болып жұмыс істеуіне тыйым салына ма?

Бүгін, 10:01 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанда студенттердің курьер болып еңбек етуіне тыйым салынбайды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастардың оқумен қатар жұмыс істеуге құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің сөзінше, кейінгі жылдары шәкіртақы көлемі едәуір артқан. Дегенмен бұл қаражат студенттердің күнделікті қажетінің бәріне бірдей жете бермейді.

Осыған байланысты Саясат Нұрбек студенттерді жұмысқа қабылдайтын компанияларды олардың сабақ кестесін ескеруге, білім алуына жеткілікті уақыт қалдыруға шақырды. Өзі де АҚШ-та оқыған кезінде репетитор болып, қосымша табыс тапқанын еске алды.

Сонымен бірге жоғары оқу орындарында сабаққа қатысуға бақылау күшейтілмек.

Тэгтер:

студент Курьер СаясатНұрбек