Жолаушылар мінген вагон ғимаратқа соғылып, 16 адам қаза тапты

Бүгін, 10:54 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Португалия астанасы Лиссабонда туристер жиі мінетін фуникулер рельстен шығып, ғимаратқа соғылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға қаланың көрікті орындарының бірі саналатын “Глория” желісінде болған. Фуникулер - тік беткейде жолаушыларды жоғары-төмен таситын, арқанмен қозғалатын рельсті көлік.

Алдын ала тергеу есебіне сәйкес, екі вагонды жалғап тұрған арқанның бекітілген тұсы ажыраған. Сол сәтте жоғарыдағы вагон еңіске қарай үдей түскен. Оны басқарған қызметкер пневматикалық тежегіш пен қол тежегішін іске қосқанымен, вагонның жылдамдығын бәсеңдете алмаған.

Бақылаудан шыққан вагон рельстен шығып, жол жиегіндегі ғимаратқа соғылған.

Кейін жарияланған алдын ала есепте үзілген арқанның жолаушы тасымалында қолдануға тиісті сертификаты болмағаны және техникалық қызмет көрсетуде кемшіліктер анықталғаны айтылды. Алайда тергеушілер апатқа нақты қай фактор шешуші әсер еткенін сол кезеңде түпкілікті анықтамаған. 

Тэгтер:

апат адам марқұм