Түркияда әскери тікұшақ құлап, төрт сарбаз қаза тапты

Бүгін, 11:10 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан кадр: x.com/ScopeReport

Түркияның Малатья провинциясында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт әскери қызметші қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Түркияның Малатья провинциясына қарасты Ешильюрт ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, S-70 үлгісіндегі әскери тікұшақ белгісіз себептермен жерге құлаған.

Әуе апаты салдарынан төрт түрік әскери қызметшісі көз жұмған. Түркияның Қорғаныс министрлігі тікұшақтың апатқа ұшырағанын және адам шығыны болғанын растады. Әзірге әскери әуе көлігінің қандай жағдайда құлағаны белгісіз. Сондай-ақ апатқа техникалық ақау немесе өзге жағдайлар себеп болды ма, ол туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Қайғылы оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда тікұшақ құлаған аумақ пен апат салдары көрсетілген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

түркия