Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің астындағы дәмханада жойқын жарылыс болды

Бүгін, 11:30 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақтөбедегі Алтын Орда шағынауданындағы дәмханада жарылыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәмхана көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында, 42Б мекенжайында орналасқан.

Жарылыстан тұрғын үйдің де бір бөлігі зақымданған. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ баллоны себеп болуы мүмкін.

Тэгтер:

Ақтөбе жарылыс тұрғын үй