Жақындарын танымай қалған: қазақстандық бортсерік Кувейтте жансақтау бөліміне түсті

Бүгін, 11:50 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Непалдан ұшып келген 25 жастағы қазақстандық бортсеріктің жағдайы нашарлап, Кувейтте жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметке қарағанда, рейстен кейін экипаж мүшелерінің бәрінің дене қызуы көтеріліп, басы қатты ауырған. Екі күннен соң бортсеріктің жағдайы тұрақталғанымен, бірнеше күннен кейін қайта күрт нашарлаған.

Бойжеткен айналасында не болып жатқанын түсінбей, тіпті жақындарын танымай қалған. Қазақстандық дипломаттардың көмегімен ол қайтадан ауруханаға жатқызылған.

Қазір дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, аурудың себебін анықтап жатыр. Бірнеше ықтимал диагноз қарастырылғанымен, әзірге нақты қорытынды жасалмаған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Министрлік те жағдайды бақылауға алған.

Тэгтер:

Ұшақ бортсерік Непал