Ақтөбеде ер адамды атып өлтіріп, көлігін айдап кеткен

Бүгін, 12:56 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Ақтөбеде оқ жарақатынан қаза тапқан 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Күдікті марқұмның көлігін мініп қашып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қарашада бетперде киген белгісіз адам жеке үйге басып кірген. Ол ақша мен бағалы заттарды иемденіп, үй иесінің автокөлігімен оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен (“Адам өлтіру”) қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктіні анықтап, ұстау үшін тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Богослов тасжолында криминалистер жұмыс істегені хабарланған. Сондай-ақ марқұм Ақтөбедегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірін басқарған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Тэгтер:

Ақтөбе жарақат ер адам Оқ