Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Бүгін, 15:31 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Шәлекеновті ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада