Тұрсынбек Қабатов елге ренішін айтты

Бүгін, 16:39 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші рет отбасын құрғанына байланысты айтылған сын-пікірлерді сахнадағы әзіліне арқау етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі қайта тұрмысқа шыққан әйелдер мен екінші рет үйленген ерлерге жұрттың көзқарасы әртүрлі екенін қалжыңмен жеткізді. Сөз арасында Баянды мысалға алып, өзі де жарын той көйлегімен сахнаға шығарса, көрерменнің қалай қабылдайтынын айтты.

“Баянды қалай қолдадыңыздар! Мысалы, мен қазір әйелімді сахнаға шығарып, той көйлегін кигізейінші. Елдің бәрі мені Қазақстаннан қуып жіберуді ұсынады”, – деді Қабатов.

Осылайша әзілкеш жеке өміріне қатысты сынға әзілмен жауап беріп, қайта шаңырақ көтерген адамдарға қоғамның әрқилы қарайтынын сөз етті.

Тэгтер:

отбасы МөлдірМұқан ТұрсынбекҚабатов әзіл