Бір апаттың артынан екіншісі болды: 14 адам көз жұмып, 30 адам жарақат алды

Бүгін, 09:37 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Біріккен Араб Әмірліктерінде бірінен кейін бірі болған екі жол апаты 14 адамның өмірін қиды. Тағы 30 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиғаға 23 көлік қатысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 12 қарашаға қараған түні БАӘ-нің Фуджейра әмірлігіндегі Шейх Халифа тасжолында болған. Алдын ала тергеу мәліметінше, алдымен жеңіл автомобиль тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Арада көп уақыт өтпей, осы жолда тағы бір ірі апат тіркелген.

Екінші апат кезінде екі контейнер тиеген жүк көлігі бірнеше автомобильге соғылып, кейін аударылған. Соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, жалын басқа машиналарға тараған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. 

Полиция мәліметінше, екі апатқа барлығы 18 жеңіл автомобиль мен бес жүк көлігі қатысқан. Оқиға болған тұста жолдың оң жақ жолағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабық тұрған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғаны хабарланды. Алайда апаттың нақты себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады.

Тэгтер:

көлік апат БАӘ марқұм