Оңтүстік Африкада атыстан 17 адам атыстан қаза тапты

Бүгін, 11:48 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Оңтүстік Африка Республикасында бір күнде екі рет оқ атылды. Екі оқиға екі қалада болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

17 адам мерт болып, бірқатары жараланды. Полиция екі оқиғаның байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ал қаскөйлер із суытып үлгерген.

 Әзірге олардың аты-жөні мен бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз. 

Жалпы Оңтүстік Африка Республикасы қылмыс саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттердің бірі. Бұл елде күн сайын 60 адам кісі қолынан қаза болады.

Тэгтер:

қылмыс атыс Оңтүстік Африка