Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін, 14:24 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Еліміздің батысында, кейін солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көктайғақ болып, республика бойынша жел күшейеді. 

Түнде еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында сынап бағаны −13…−18°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз ауа температурасы батыс пен шығыста +5…+10°С, оңтүстік-батыста +10…+15°С, оңтүстікте +10…+20°С, оңтүстік-шығыста +10…+18°С болады. Ал солтүстік пен орталық өңірлерде −1…+4°С шамасында сақталады.

Тэгтер:

ауа райы климат қараша күз