Қостанай облысында бірнеше оқушы бесінші сынып оқушысына тиісті деген күдікке ілінді

Бүгін, 17:44 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қостанай облысында екі оқушы бесінші сыныпта оқитын баланы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«НеМолчи» қорының мәліметінше, мектептердің біріндегі дәретханада алтыншы сыныптың екі оқушысы бесінші сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген ақпарат тараған.

Хабарланғандай, оқиғаны жоғары сынып оқушысы байқап қалған. Ол көргенін жәбірленген баланың туған ағасына айтып берген. Осыдан кейін болған жағдай туралы ересектер білген.

Мектеп директоры полицияға хабарласқан, ал баланың анасы арыз жазған.

Қордың мәліметінше, күдікке ілінген оқушылар 11 және 12 жаста, ал жәбірленген бала 10 жаста.

Полиция 16 қарашада аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

қылмыс Қостанай зорлық