Қонаевта алтыншы сынып оқушысы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Бүгін, 13:31 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматы облысының Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектепте ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 16 қараша күні сағат 12:30–13:00 шамасында, сабақ басталмай тұрып болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауымен сырғанап бара жатып, тепе-теңдігін жоғалтқан. Салдарынан екінші қабаттың алаңына басымен құлаған.

Бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында есінен танып қалған. Оны шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізген.

Дәрігерлер оқушының өмірін сақтап қалуға тырысып, сол күні кешке ота жасаған. Алайда медициналық көмектерге қарамастан, 17 қарашада бала көз жұмды.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқушының құлауына қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Тэгтер:

алматы оқушы баспалдақ