Қарағанды облысының Петровка ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қызды көлік қағып кеткен. Оқиғадан кейін жүргізуші тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалған.
Облыстық полиция департаменті жол апаты болғанын растады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оқушының денесі төрт сағат бойы жолда жатқан.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.