Тоқаев АҚШ-қа сапарға дайындықты талқылады: Майамиде G20 саммиті өтеді

Бүгін, 16:42 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ержан Қазыхан. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына жоспарланған сапары мен G20 саммитіне қатысуға дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың мәліметінше, Ержан Қазыхан Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуде Президенттің арнайы өкілі қызметін атқарады. Кездесу барысында ол Мемлекет басшысына АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысу үшін жоспарланған сапарға дайындық жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыханмен кездесуінде Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелеріне назар аударды. Президент Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамытуға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, алдағы келіссөздер мен халықаралық кездесулер аясында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету көзделіп отыр.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыхан