Алматыда зорлық жасады деген күдікті ұсталған кезде өзіне қол жұмсамақ болған

Бүгін, 17:50 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматыда зорлық жасады деген күдікке ілінген ер адам полиция ұстап жатқан кезде өзіне қол жұмсамақ болып, жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

 Kriminal Kazakhstan Telegram арнасының мәліметінше, полицияға жәбірленушінің ата-анасы хабарласқан. Олар қыздарына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам туралы мәлімдеген. Осыдан кейін оқиға орнына “Боран-127” патрульдік экипажы жіберілген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қайда екенін анықтап, оны ұстаған. Ұстау кезінде ер адам өзіне қол жұмсамақ болып, жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, күдіктіге медициналық көмек көрсетілген.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Тэгтер:

алматы полиция зорлық