11 қарашада үш қабатты тұрғын үй іргесіндегі құрылыс шұңқырына опырылып түсті. Апаттан сегіз адам қаза тапты, оның екеуі — бала. Тағы 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қала билігінің мәліметінше, алты адам үйінді астынан өлі табылған. Тағы екі адам алған жарақатынан кейін көз жұмған. Қаза тапқандардың арасында екі құрылыс жұмысшысы, ал жараланғандардың арасында құтқару жұмыстарына қатысқан төрт өрт сөндіруші бар.
Үйдің жанындағы құрылыс алаңында жер қазу жұмыстары жүріп жатқан. Қала билігі апаттың мән-жайын анықтау үшін құрылысқа қатысы бар бес компанияны және солармен байланысты 100 нысанды тексеретінін мәлімдеді.