"Ол – менің досым": Трамп Путинмен кездесіп, ерекше мәлімдеме жасады

19 қараша, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Владимир Путин мен Дональд Трамп. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Қытайда өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Трамп ресейлік әріптесін өзінің досы деп атап, онымен қарым-қатынасы жақсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу 19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасу орталығында өтті. Бұған дейін екі елдің басшылары АТЭЫ саммитінің пленарлық отырысына қатысқан. Путин мен Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтетін үшжақты келіссөздер алдында жеке кездесу өткізген.

АҚШ президенті Ресей басшысымен кездесудің нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Трамп келіссөздердің екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң ықпал етуі мүмкін екенін айтты.

"Менің ойымша, бұдан көптеген тамаша нәтиже шығуы мүмкін немесе ең құрығанда соның бастамасы болады", – деді Дональд Трамп.

Кездесу барысында Дональд Трамп ресейлік әріптесіне қатысты ерекше сөз айтты. АҚШ президенті Путинге жақындап, қолын созған сәтте оны досы деп атаған.

"Бұл кім? Ол – менің досым", – деді Трамп.

Тэгтер:

Дональд Трамп Владимир Путин