Оқушы қыз өгей әкесінің бауырын бірнеше рет тиісті деп айыптады

Бүгін, 12:02 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы өгей әкесінің 58 жастағы бауыры өзіне бірнеше рет жыныстық зорлық көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқушының айтуынша, ер адам оған ұйықтататын әсері бар белгісіз дәрі беріп, ұйықтап қалғаннан кейін зорлық көрсеткен. Қыз алғашқы оқиға ер адамның көлігінде болғанын, кейін мұндай жағдай Қармақшы ауданындағы үйде тағы екі рет қайталанғанын айтқан.

Оқиғадан хабардар болған туыстары полицияға жүгінген. Оқушының сөзінше, анасы одан бірнеше рет айтқандарының жалған екенін айтып, істің әрі қарай қаралуынан бас тартуын сұраған.

Қазір оқушы қыз екі айға жуық уақыттан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Оған орталық мамандары көмек көрсетіп жатыр.

Полиция “Зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Алтайдың айтуынша, оқушы арызында аталған оқиғалар 2024 жылы болғанын көрсеткен.

Тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тэгтер:

қылмыс Қызылорда зорлық жаза