Мәулен Әшімбаев қазір немен айналысып жүргенін айтты

20 қараша, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Мәулен Әшімбаевтың желідегі парақшасынан

Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев біраз уақыттан кейін көпшілік алдына шығып, қазіргі немен айналысып жүргені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұрынғы Сенат спикерін QogamNews тілшілері Астанадағы Sham театрында кездестірген. Мәулен Әшімбаев театр қойылымын тамашалап, спектакль аяқталған соң шығармашылық ұжыммен жүздескен. Кездесу барысында ол актерлермен әңгімелесіп, өнер жолында табыс тіледі. Осы сәтті пайдаланған журналистер экс-шенеуніктен қазіргі қызметі мен алдағы жоспары туралы сұраған.

"Мен енді халықтың ішіндемін. Өздеріңіз көріп жатырсыздар, күнде шараларға қатысып жатырмыз. Шетелге де барып, сол жақта шаралар өткізіп жатырмыз. Әрі қарай да елімізге, халқымызға қызмет етеміз деп сенемін", – деді Мәулен Әшімбаев.

Алайда бұрынғы Сенат төрағасы нақты қандай қызмет атқарып жүргенін ашып айтпады. Ол қоғамдық іс-шараларға қатысып, шетелдік кездесулерге барып жүргенін жеткізумен шектелді.

Тэгтер:

Мәулен Әшімбаев