Кенияда жерлеу рәсімінен үйлеріне қайтып келе жатқан адамдар мінген автобус аударылды. Апаттан 26 адам көз жұмып, 28 адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға 8 тамызда Кисуму маңындағы тасжолда болды. Автобуста жерлеу рәсіміне қатысқан 54 адам болған. Жол полициясының мәліметінше, жүргізуші айналма жолға жақындағанда автобусты басқара алмай қалып, көлік жол жиегіндегі орға аударылған.
Алғашқы мәліметте 25 адамның қаза тапқаны хабарланды. Келесі күні ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген жолаушылардың бірі көз жұмды.
Кения билігі зардап шеккендердің емделуіне және қаза тапқандарды жерлеуге кететін шығынды өтейтінін мәлімдеді.