Словакияда қазақстандық үш студент адам ұрлау ісі бойынша ұсталды

Бүгін, 15:13 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Словакияның Тренчин қаласында полиция жергілікті университеттің төрт студентін ұстады. Олардың үшеуі – қазақстандық. Ұсталғандардың бірінің адвокаты қорғауындағы студентке ақша бопсалау мақсатында адам ұрлауға қатысқан деген айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, студенттер бір жігітті іздеп, оның әжесінің үйіне барған. Егде жастағы әйелдің айтуынша, үйіне келгендер қара киім киіп, беттерін тұмшалаған. Олар өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, топ іздеген жігітінен қарыз деп санаған ақшаны қайтаруды көздеген. Словакиялық басылымдар олардың жігітті кейін тауып, соққыға жыққан болуы мүмкін екенін жазды.

Әйел үйіне келгендердің үстінен шағымданбақ болғанда, олардың полицияға қатысы жоқ екені белгілі болған.

Тэгтер:

полиция Ұрлық қазақстандық адам