Қырғызстанның Алай ауданында 36 жастағы әйелдің өліміне қатысты оның 37 жастағы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әйелдің алған жарақаттарынан көз жұмғаны туралы хабар аудандық милиция бөліміне сағат 12:00 шамасында түскен.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ерлі-зайыпты 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні үйінде жанжалдасқан. Күйеуі мас күйде болған. Тергеудің болжамынша, ол жанжал кезінде әйелін тұншықтырған.
Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.