22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Бүгін, 19:44 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Жексенбі, 22 қарашада, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында нөсер, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыста жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде −2…0 °C, күндіз +6…+8 °C болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +5…+7 °C, күндіз +15…+17 °C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. 

Шымкентте де күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +8…+10 °C болса, күндіз +18…+20 °C-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Тэгтер:

ауа райы климат 22қараша