ҰҚК 45 жастағы шетел азаматына халықаралық іздеу жарияладыP

Бүгін, 19:56 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы мәліметке сүйенсек, іздеу ісі 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздеуге ҰҚК бастамашы болған, ал ер адамды Сарыағаш аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатыр. 

ҰҚК баспасөз қызметі NUR.KZ-ке ер адамның Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге қатысты. 

Уильямс Коулдың қай елдің азаматы екені және оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. 

Тэгтер:

Түркістан ҰҚК шетел азаматы