Қостанай облысында полициядан қашқан жүргізуші жол апатын жасап, зардап шекті. Оқиға Қарасу ауданының Челгаши ауылында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицейлер көлік жүргізушісінен тоқтауды талап етті.
Ол қозғалысын жалғастырған соң, полицейлер оның соңынан қуды.
Кейін ол көлікті басқара алмай, қоршауға соғылды.
Соққы салдарынан жүргізуші басынан жарақат алды.
Жол апатынан кейін ол қашып кетпек болды.
Полицейлер оны ұстау кезінде күш қолдануға мәжбүр болды.