Әлеуметтік желі қолданушылары Тоқаевтың тәртіп орнату жөніндегі бағытын қолдайды

Бүгін, 15:02 / Альфия Адамбек
Фото: Ақорда

Сәкен Байбосынов спорт нысандарын салуға бөлінген қаржының мақсатқа сай жұмсалуы, мемлекеттік қолдаудың әділ бөлінуі және спортшыларға тең мүмкіндік берілуі саланың дамуына тікелей әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол жазбасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және “Заң мен тәртіп” қағидатын орнықтыру жөніндегі тапсырмаларына тоқталды. Байбосыновтың пікірінше, спорт саласында лауазымы мен атағына қарамастан, бәрі заңға бағынуға тиіс.

“Жарыс барысында ережені бұзып, әділетсіз жолмен жеңіске жету спорттың басты қағидаттарына қайшы келеді. Өйткені нағыз жеңіс – маңдай термен келген нәтиже”, – деп жазды ол.

Байбосынов “Таза Қазақстан” бастамасының тәрбиелік мәнін де атап өтті. Оның айтуынша, спортшының жауапкершілігі жаттығуда тәртіп сақтауынан, жарыста қарсыласын құрметтеп, адал бәсекелесуінен көрінеді. Ол жас спортшыларды жеңіске ұмтылумен қатар, осы қасиеттерді бойына сіңіруге шақырды.

Тэгтер:

тоқаев жазба Байбосынов