Сәкен Бибосынов қуанышты жаңалығын айтты

Бүгін, 20:03 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ұлды болғанын хабарлады. Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында бұған дейін отбасымен үш перзентінен айырылғанын айтып, сәбиінің дүниеге келуі үлкен қуаныш болғанын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бибосынов жары екеуінің ауыр қайғыны бастан өткергенін жазды. Оның айтуынша, отбасы сол кезеңде үмітін үзбей, сәби сүюді тілеген.

… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады”, – деп жазды боксшы.

Спортшы жаңа туған ұлына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі. Жазбасының соңында сәби күтіп жүрген отбасыларға да ақ тілегін арнады.

“Перзент аңсап жүрген барлық ата-ананың дұғасын қабыл етіп, шаңырақтарына сәби күлкісін нәсіп етсін!” – деді Сәкен Бибосынов.

Тэгтер:

перзент қуаныш Бибосынов