Би жарысына бара жатқан бір отбасының алты мүшесі жол апатынан қаза тапты

Бүгін, 09:45 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

22 қарашада Чилидің Чилоэ аралында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір отбасының алты мүшесі қаза тапты. Олардың төртеуі бала. Отбасы 15 жастағы қыздары қатысатын куэка биінен жарысқа бара жатқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Апат таңғы сағат тоғыз шамасында Далькауэ мен Анкуд арасындағы тасжолда болған. Екінші көліктегі бес адам отбасылық жүгіру жарысына бара жатқан. Бәрі жарақат алып, Кастро қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында төрт және бес жастағы екі бала бар. 

Қаза тапқан отбасы тұрған Кельон қаласында 23 қарашадан бастап үш күндік аза тұту жарияланды. Полиция көліктердің қалай соқтығысқанын анықтап жатыр. 

Тэгтер:

көлік апат отбасы марқұм